Нұр-Мүбарак университетінде көру мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған он төрт күндік жазғы курс өз мәресіне жетті.
Арнайы ұйымдастырылған бұл оқыту бағдарламасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Қырғызстаннан келген қатысушылар қатысты. Қорытынды шарада университетіміздің проректоры Ершат Оңғар құттықтау сөз сөйлеп, курс тыңдаушыларына алғысын білдіріп, мұндай игі бастама келесі жылдары да жалғасын табатынын жеткізді. Сондай-ақ, марапаттау рәсіміне университеттің басқарушы директоры Мақсат Байзақ және брайль жүйесі бойынша дәріс оқыған Исламтану кафедрасының оқытушысы Шакиров Асқар қатысты.
Екі аптаға созылған курста Исламтану кафедрасының тәжірибелі оқытушылары шәкірттерге «Шариғат мақсаттары», «Отбасы фиқһы», «Фиқһ», «Ақида», «Ахлақ», «Брайльша Құран оқу» және «Азанды мәнерлеп оқу» тақырыптарында дәрістер жүргізді. Арнайы брайль жүйесі арқылы білім беру әдістемесі де қолданылды. Курс соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұстаздарға шынайы алғыс айтып, университет ұжымына ризашылықтарын жеткізді. Шара соңында қатысушыларына алғыс хат және Құран табысталды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved