Нұр-Мүбарак университетінде мазмұнды кездесу өтті. Қазақ телевизиясының тәжірибелі маманы, “Мұнара TV” арнасының жетекшісі Болат Көкенайұлы оқу ордасына арнайы келіп, университет ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим және басқарушы директор Байзақ Мақсат Мұратұлымен жүздесті.
Кездесу барысында тараптар ақпараттық және ағартушылық бағыттағы ықпалдастықтың мүмкіндіктерін кеңінен талқылап, өзара ынтымақтастықтың болашақ бағдарын сөз етті. Болат Көкенайұлы білім мен бұқаралық ақпарат құралдарының тоғысар тұсын дөп басып, телеарна мен университет арасындағы байланысты нығайту – қоғамға пайдалы, ұрпаққа өнегелі жобалардың тууына себеп болатынын атап өтті.
Заман талабына сай діни-ағартушылық бағытта сапалы медиажобалар жасау, студенттердің практикалық білімін арттыру, сондай-ақ рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау — ортақ мүдде екені әңгіме өзегіне айналды.
Жылы жүздесу – жаңа бастамалардың нышанына айналып, екі тарап үшін де пайдалы жобаларға жол ашпақ.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved