Введите текст заголовка

ЗЕКЕТ ҚОЛДАУЫ

20.06.2025

Зекет және қайырымдылық қоры Нұр-Мүбарак университетіне 10 млн теңге көлемінде қайырымдылық көрсетті.

Рухани құндылықтар мен білім жолындағы ізгі ниетті істер ұрпақ тәрбиесіне дем береді. Осындай шынайы жанашырлықтың бір үлгісі ретінде Зекет және қайырымдылық қорының Нұр-Мүбарак университетіне көрсеткен қолдауын атап өту жөн. Аталған қордың төрағасы Мақсатбек Мақсұтұлы бас болып, университетке 10 000 000 теңге көлемінде қаражат табыстады. Бұл көмек – білім алуға ұмтылған, алайда әлеуметтік жағдайы шектеулі жастар үшін үлкен демеу ғана емес, сонымен қатар руханиятты дамытуға қосылған салмақты үлес.

Еліміздегі діни білім мен адамгершілік тәрбиенің ордасына айналған Нұр-Мүбарак университеті үшін бұл қолдау — сенім мен жауапкершілікке құрылған көпір. Жас буынның жан-жақты қалыптасып, болашаққа нық қадам басуы үшін жасалған бұл қамқорлық – игілікті істің айғағы.