Введите текст заголовка

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті
2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты жариялағандығын хабарлаймыз!

   Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2026 жылғы 9 ақпан.

   Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 10 наурыз (қоса алғанда).

   Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары:

  •  Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
  •  Энергия, озық материалдар және көлік;
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
  •  Елдің зияткерлік әлеуеті;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  •  Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік бойынша 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

    Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

Толық ақпарат: Ғылым бөлімі, 306 кабинет.