Введите текст заголовка

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

      Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетi Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай 2025 жылдың 8-қазанында «ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ИСЛАМ: КӨРІНІСТЕРІ, ПЛАТФОРМАЛАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылатынын хабарлайды.

      Конференция ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылатын «Сандық кеңістіктегі ислам (қазіргі Қазақстан мысалында)» (ИРН «АР19680228») ғылыми гранттық жоба аясында жүзеге асырылады.

Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 73, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Жұмыс тілдері: қазақ, араб, ағылшын, орыс

Форматы: офлайн және онлайн

Конференцияға сандық ислам тақырыбын зерттеп жүрген отандық және шетелдік мамандар, ғалымдар, дінтанушылар, діни блогерлер мен сарапшылар, діни бірлестік өкілдері шақырылады.

Конференцияның мақсаты:

Қазіргі Қазақстандағы мұсылмандық ортада интернеттік технологияның алатын орны мен ықпалын, оның мүмкіндіктері мен сын-қатерлерін талқылау, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмыстарының цифрлану деңгейін, сондай-ақ виртуальды кеңістікте діни білім берудің, исламдық құндылықтарды насихаттаудың тиімді жолдарын саралау.

Конференцияның міндеттері:
  • Ислам дінінің цифрлануын, виртуалды кеңістіктегі діни қызметтердің негізгі бағыттары, түрлері мен тәсілдерін сараптау;
  • Әлеуметтік желілер мен жаңа медиа құралдарының ислам дініне, діни тәжірибеге және мұсылман қоғамына ықпалын талқылау;
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмыстарының монетизациялануы;
  • Жаңа технологиялардың діни сананы қалыптастырудағы рөлін зерделеу;
  • Онлайн платформалар арқылы исламдық білім беруді жетілдіру;
  • Жасанды интеллекттің діни құндылықтарға әсерін зерттеу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік, экстремизмнің алдын алу, жалған діни ақпаратпен күресу және сенімді исламдық контент қалыптастыру;
  • Ислам құндылықтарын насихаттауда интернетті тиімді пайдалану тәжірибесін талдау;
  • Ғылыми және технологиялық ынтымақтастықты дамыту.
Баяндамашылардың назарына:

Талаптарға сәйкес келмейтін баяндамалар қабылданбайды. Материалдардың мазмұнына авторлар өздері жауапты. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеу және жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Мақалаларды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 25 қыркүйегіне дейін

Эл. пошта: gylym@nmu.edu.kz
Тел.: 8 708 535 39 79

Ғылыми мақаланың құрылымы:
  • Аңдатпа (150 сөз, қазақ, ағылшын және мақаланың өз тілінде);
  • Түйін сөздер: 5-8 сөз;
  • Кіріспе (200-250 сөз): тақырыпты дәйектеу, мақсат, міндет, әдіснама;
  • Негізгі бөлім: нәтижелер мен талдау;
  • Қорытынды және әдебиеттер (кемінде 15, 50%-ы ағылшын тілінде);
Рәсімдеу талаптары:
  • Бет өрістері: жоғары – 2 см, төмен – 2 см, сол – 3 см, оң – 1,5 см;
  • Шрифт: Times New Roman, 12 pt;
  • Қатар аралығы – 1, абзац – 1 см;
  • Колонтитулсыз, бет нөмірін қоймау;
  • APA 7 стилі;
  • Көлемі: 10-15 бет;
  • Файл атауы – бірінші автордың аты-жөні.

Талаптарға сәйкес жазылған мақалалар «Исламтану зерттеулері» журналында жарияланады.

Тіркелу үшін QR кодты сканерлеңіз.