Введите текст заголовка

НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАЛАПКЕР - 2025

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді. Университет қаламыздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы, асхана жұмыс істейді.

Білім беру бағдарламалары:

6В02201 - Исламтану

6В02202 - Дінтану

6В02203 - Теология

6В02306 - Аударма ісі

6В02301 -
Шетел филологиясы

Қабылдау комиссиясы

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (503 университет коды)
Оқуға қабылдау бойынша ақпарат

БББ Оқу мерзімі Білім беру деңгейі Оқуға тапсыру мерзімдері ҰБТ пәндері Ескерту
1 6B02306 Аударма ісі – 800 мың тг 4 жыл Бакалавриат 20.06.2025–25.08.2025 Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы; Матем. сауаттылық; Жалпы тарих; Ағылшын тілі
2 6B02301 Шетел филологиясы – 800 мың тг 4 жыл Бакалавриат 20.06.2025–25.08.2025 Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы; Матем. сауаттылық; Жалпы тарих; Ағылшын тілі
3 6B02201 Исламтану – 1 млн тг 4 жыл Бакалавриат 20.06.2025–07.07.2025 Шығармашылық ҰБТ: Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан тапсыру мерзімі
4 6B02201 Исламтану – 1 млн тг 3 жыл Бакалавриат 20.06.2025–25.08.2025 (ақылы) 20.06.2025–07.07.2025 (грант) Сұхбаттасу (ақылы оқу үшін) Немесе ҰБТ: Қазақстан тарихы 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан
5 6B02201 Исламтану – 1 млн тг 2 жыл Бакалавриат 20.06.2025–25.08.2025 Сұхбаттасу
6 6B02202 Дінтану – 800 мың тг 4 жыл Бакалавриат 20.06.2025–07.07.2025 Шығармашылық ҰБТ: Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан
7 6B02202 Дінтану – 800 мың тг 3 жыл Бакалавриат 20.06.2025–25.08.2025 (ақылы) 20.06.2025–07.07.2025 (грант) Сұхбаттасу (ақылы) Немесе ҰБТ: Қазақстан тарихы 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан
8 6B02202 Дінтану – 800 мың тг 2 жыл Бакалавриат 20.06.2025–25.08.2025 Сұхбаттасу
9 6B02203 Теология – 800 мың тг 4 жыл Бакалавриат 20.06.2025–07.07.2025 Шығармашылық ҰБТ: Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан
10 6B02203 Теология – 800 мың тг 2 жыл Бакалавриат 20.06.2025–25.08.2025 Сұхбаттасу

ҰБТ тапсыру үшін www.app.testcenter.kz сайтына тіркеліп өтініш білдіре алады. Құжат қабылдау уақыты: 20.06-07.07 Шығармашылық емтихан уақыты: 08.07-15.07

Нұр-Мүбарак университетінің жатақханасы

 
📌 Негізгі ақпарат
  • Жалпы орын саны: 610
  • Тұру ақысы: Жылына 250 000 теңге (бір реттік төлем)
  • Құжат: Жеке куәлік
  • Қабылдау: 1-курс және басқа қала/облыстан келген студенттер
  • Құжат тапсыру орны: Әлеуметтік даму департаменті
🏠 Жайлылық пен қауіпсіздік
  • Әр қабатта: 24 бөлме, 2 асхана, 2 оқу залы
  • Әр бөлмеде: 6 студентке арналған орын, жеке душ пен дәретхана, кереует, үстел, тумбочка, шкаф
  • Асхана жабдықтары: 2 газ плита, 2 тоңазытқыш, 1 мұздатқыш, жеке азық-түлік сөрелері
📚 Қосымша мүмкіндіктер
  • 12 оқу залы
  • 1 спорт залы
  • Арнайы намазхана және Құран оқуға арналған бөлмелер
  • Кітапхана, тыныш әрі таза орта
  • Кір жуатын машиналар
🔐 Қауіпсіздік және тәртіп
  • Толық бейнебақылау
  • Еркін кіріп-шығу уақыты: таңғы намаздан түнгі 23:00-ге дейін
  • Тәртіп пен тазалыққа жауапты: Тәлімгер ұстаздар мен вахта қызметкерлері
! Ұлдар мен қыздарға бөлек жатақхана
       Нұр-Мүбарак университетінің жатақханасы — бұл жай баспана ғана емес, білім мен руханияттың үйлескен ортасы.