АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетi мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қазақ жерінен шыққан аса ірі ислам ғұламасы Әмір Кәтиб Қауам-ад-дин әл-Итқани әл-Түркістан әл-Фарабидің (1286-1357) туғанына 740 жыл толуына арналған 2026 жылдың 7 сәуірінде «ИСЛАМ ҒҰЛАМАСЫ ҚАУАМУДДИН ӘЛ-ИТҚАНИ ӘЛ-ФАРАБИ: ӨМІРІ МЕН МҰРАСЫ» атты тақырыпта ХХХІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты:
«Әмір Кәтиб Қауам-ад-дин әл-Итқани әл-Түркістан әл-Фарабидің ислам ілімдері, фиһқ, усул-фиқһ, калам және араб филологиясы т.б. салаларда еңбектерін, мол ғылыми мұрасының мән-маңызын кеңінен талқылау, өмірдеректерін қатысты деректерді ортаға салу.
Конференция барысында қазақ жерінен шыққан ислам ғұламаларының ислам өркениетіне қосқан үлесі, Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи байланыстар, ортақ тұлғалар, қолжазбаларды зерттеу мен айналымға қосу жөнінде баяндамалар жасалып, пікірталастар ұйымдастырылады.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, исламтанушы, арабтану саласының зерттеушілері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас ғалымдар шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, араб, ағылшын, орыс. Конференция офлайн және онлайн форматында жүреді.
Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 73, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Конференцияға тіркелу үшін төмендегі QR кодты оқытыңыз

Баяндамашылардың назарына
Талаптарға сәйкес келмейтін баяндамалар қабылданбайды. Материалдардың мазмұнына авторлар өздері жауапты. Ұйымдастыру комитеті мен редакциялық алқа конференцияға ұсынылған мақалаларды іріктеу және жариялау құқығын өзіне қалдырады.
Конференцияға ғылыми мақалалар 2026 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.
Ғылыми мақалалар gylym@nmu.edu.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Қосымша ақпарат үшін: Ғылым бөлімінің басшысы Кагазбекова Салтанат Бейсенбайқызы, тел.: 8775 163 35 96.
Ғылыми мақаланың құрылымы:
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
стиліне сәйкес орындалуы тиіс;
Конференцияға жауапты:
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылым бөлімі
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved