Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 15-16 қазан күндері Астана қаласында ұлттық мерекеміз – Республика күніне және ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай өтетін ІІ халықаралық Құран жарысына 5 күн қалды. Республикалық бас мешітте өтетін сайысқа төмендегі мемлекеттердің қарилары қатысады:
Қазақстан, Қырғызстан, Бахрейн, Иран, Ресей, Шешенстан, Марокко, Түркия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Палестина, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Татарстан, Индонезия, Тәжікстан, Өзбекстан, Мысыр, Малайзия, Алжир, Пәкістан елдерінің қарилары қатысады. Қатысушылар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды.
Халықаралық жарысқа Қазақстан, Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстаннан шақырылған әлемге танымал, тәжірибелі қарилар төрелік етеді.
Екі күнге жалғасатын халықаралық Құран жарысын мүфтияттың төл арнасы «Munara TV», «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасы және ҚМДБ-ның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Айта кетейік, 2023 жылы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық Құран жарысында марокколық қари Ильяс Хажри үздік шығып, жеңімпаз атанған болатын.
Барша отандастарымызды халықаралық деңгейде өтетін
Құран жарысын тамашалауға шақырамыз!
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved