Введите текст заголовка

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 ЖЫЛ МЕРЗІМГЕ АККРЕДИТТЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жыл мерзімге аккредиттелді. Аккредиттеу туралы куәлік Серия МК №000891, 10.10.2030 ж. дейін жарамды (https://www.nmu.edu.kz/kk/universitettin-litsenziyalary/ 3 қатар).

Куәлік мемлекеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, бизнес, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламар конкурстарына қатысу үшін беріледі.

Аккредитация куәлігі Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ғылыми қызметінің жоғары деңгейін және ұлттық әрі халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды.

Бұл орайда университетте ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитеті тарапынан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды қаржыландыруға арналған (Постдокторантура бағдарламасы) – 2 мемлекеттік жоба, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша – 3 мемлекеттік жоба және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша нысаналы – 1 мемлекеттік жобалар жүзеге асырылып отыр.