Бүгін – төл теңгеміз ұлттық валюта күні. 70 жылдай ортақ «сом» деп аталатын ақша ұстап, теңге деген сөзді тек ертегілерден естіген қазақ даласы 1993 жылғы 15 қарашада өзінің төл валютасымен қауышты.
Бүгін – төл теңгеміз ұлттық валюта күні. 70 жылдай ортақ «сом» деп аталатын ақша ұстап, теңге деген сөзді тек ертегілерден естіген қазақ даласы 1993 жылғы 15 қарашада өзінің төл валютасымен қауышты. Жарқ ете қалған құны да салмақты теңге банкноттарын бастаған бір теңгелікте Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалды. Белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар қазақ еліне сондай ыстық көрінгені рас. Сондықтан бұл Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы айналымға енген күні ретінде 1997 жылдан бері төл валютамыз – теңгенің туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде атала бастады.
Басында шарықтай келген теңге купюрасының үлгілерін Ұлттық банк 1992 жылдың 27 тамызында бекіткен. Оның авторлары суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер.
1993 жылы алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып, оны елге тасымалдау үшін Тұманды Альбион еліне төрт ИЛ-86 ұшақтары 18 мәрте қатынаған. Төл валютамыздың алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жерасты қоймалары дайындалып, дәл осы қоймалардан ұлттық теңгеміз еліміздің барлық өңірлеріндегі банктерге 8 күнде жеткізілген. 1993 жылдың 15 қарашасында ТЕҢГЕ айналымға енген сәтте ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 15 қараша сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
Қазір банкнот – Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – Өскемендегі Монета сарайында
This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.