This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ АЗАЛЫ КҮН
Қазақ тарихына үңілсек, халқымыздың басынан не өтпеген. Алысқа бармай өткен ғасырдағы ашаршылық, қуғын-сүргіннің қазақ тарихына ғана емес, саны мен сапасына, санасына ауыр соққы болғаны анық.
Сондықтан тарихты ұмытпай, ата-бабаларымызға мәңгі тағзым ретінде жыл сайын 31 мамырда Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады. 4 миллион халықты, яғни халқымыздың 70 %-н қолдан жасалған аштықпен қыру –халықтың рухын сындырып, ізін өшіру әрекеті. Осыған орай зиялы қауым өкілдері, ҚР Паламент мәжілісіндже Қазыбек Иса бастаған ағаларымыз «Ұлы далада Ұлы Жұт жасаған алапат Ашаршылық қырғынын ресми түрде «геноцид» деп танып, құқықтық баға беруді тағы да талап етіп отырмыз»,-деп үндей жариялады.
Ашаршылықтың ізін ала Алаш зиялылары бастаған ұлт қаймақтарын қуғын-сүргінге ұшыратып, көзін жойды. 1937-1938 жылдардағы қатаң саясат салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, атап айтсақ, Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Халел Досмұхамедов пен Жаханша Досмұхамедов, т.б. бар.
Жалпы, тарихи деректерде, 1921-1954 жылдары аралығында КСРО-да «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталса, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген екен.
Болашақ үшін жанын беріп, ел үшін жазықсыз құрбан болған ата-бабаларымыздың рухын Алла рахымына бөлеп, жандары жәннатта болғай! Қуғынсүргінқұрбандары Атабабааманаты Қазақелі тарих ақтаңдақтар ашаршылық саясиқұрбандар