ҚҰРМЕТТІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ! ҚАДІРМЕНДІ ӘРІПТЕСТЕР!

2023 жылдың 7-ші желтоқсанында «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МҰСЫЛМАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетіндігін хабарлаймыз.

Бұл халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция AP19679483 «Әл-Фараби трактаттарындағы педагогикалық теорияларын қазіргі білім жүйесіне кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми жобасы аясында ұйымдастырып отыр. Ортағасырларда өмір сүрген түркі-мұсылман ғалымдары көптеген ғылым салаларының негізін қалағаны ақиқат. Қазіргі таңда олардың педагогика, дидактика, білім беру, психология және тәрбие әдіснамасы туралы айтқан ой-толғамдарын зерттеп-зерделу әсіресе бабалар мұрасындағы «Кемел адам» ( الإنسان كامل ( қалыптастыру идеясының тарихи-ғылыми, адамгершілік-құндылық, ال философиялық-эстетикалық рөлін жан-жақты ғылыми тұрғыдан талдап қарастыруды маңызды.

Конференция аясында «Екінші мұғалім» атанған Әбу Насыр әл-Фараби трактаттарындағы рухани-интеллектуалдық мол мұрасын қазіргі заманның контекстінде ғылым мен діни дүниетанымды сабақтастыра отырып зерттеу, дінаралық, мәдениет пен өркениетаралық сұхбаттастықты, әл-Фарабидің педагогикалық ой-толғамдарын қазіргі оқу-тәрбие ісіне енгізу жолдарын зерттеу және тұлға қалыптастыру мәселесіне пайдалану, отбасы мен мектептегі бала тәрбиесін, ата-ананың діни ұстанымының бала тәрбиесіндегі орнын, ұлттық педагогика моделін және методикасын жасауға бабалар мұрасының қосар үлесін зерделу көзделеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
— Ортағасырлардағы мұсылмандық педагогиканың бастаулары:
— ерекшеліктері мен ұстанымдары;
— Ортағасырлық мұсылман ғұлама-ғалымдардың педагогикалық ой-пікірлерін, мұраларын зерттеудің мәселелері;
— Әбу Насыр әл-Фараби трактаттарындағы педагогикалық ой-толғамдар;
— Исламтану және араб филологиясындағы әл-Фараби мұрасы.

Баршаларыңызды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Қатысушылардың баяндамаларының толық мәтіні 2023 жылдың 04-ші желтоқсанына дейін қабылданатындығын хабарлаймыз.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) _______________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _________________________________________________
Лауызымы: _________________________________________________
Ұйымның толық атауы: _________________________________________________
Байланыс телефондары, факс.: _________________________________________________
Е-mail.: _________________________________________________
Баяндаманың тақырыбы______________________________________
Кілт сөздері____________________________________
Қысқаша аннотациясы (250 сөзге дейін)__________________________________________

Баяндаманы әзірлеу кезінде төмендегі талаптарды ескеру қажет: электрондық нұсқада басылған мәтіннің көлемі 10-12 бетке дейін.

Қарпі:
— Times New Roman, кеглі – 14;
— жоларалық интервалы – 1;
— енінен туралау;
— абзацтық шегінісі – 1 см; парақ бағдары – кітаби, жоғарғы және төменгі өріс – 2,0, сол – 3,0 және оң өрісі – 1.
— Тақырыпты рәсімдеу (бас әріппен, қалың қаріппен, ортасы бойынша туралау) МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ (қазақ, араб, орыс, ағылшын, тілдерінде);
— келесі жолда (қарпі – қалың курсив, оң жаққа туралау) – толық А.Ж.Ә.;
— келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі, қызмет орны, қаласы;
— келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – байланыс E-mail-ы;
— бір жолдан кейін – мақаланың мәтіні.

Әдебиет тізіміндегі сәйкес дереккөзге мәтіндегі сілтемелерді шаршы жақшаға алынған араб цифрларымен рәсімдеген жөн, мәселен, [1, 277-бет]. Әр беттік автоматты сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді. Баяндама соңында түйін жасалады: баяндама орыс тілінде жазылған жағдайда – қазақ және ағылшын тілдерінде; баяндама қазақ тілінде жазылған жағдайда – орыс және ағылшын тілдерінде. Қолжазбаға тегі, аты-жөні, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен қызметі, қаласы, елі, сондай-ақ, электрондық мекенжайлары мен Ұйымдастыру ұжымы бекітілген тақырыпқа және рәсімдеуге қойылған талаптарға сай емес баяндамаларды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

Мақаланы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті универсиетінің Ғылым және инновация департаменті қабылдайды. Байланыс телефондары көрсетілген авторлар туралы мәліметтер қоса тіркеледі.

Хатшы:
Ғылым секторының меңгерушісі: Салтанат Бейсенбайқызы