Байланыс ақпараты
ҚР Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73.
info@nmu.edu.kz
+7 (727) 302-09-30 | 7 (727) 302-07-09 | +7 777 302 09 66
НМУ проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар бастаған делегация Астанада CONNECTED-2024 халықаралық конференциясына қатысты.
НМУ проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар бастаған делегация Астанада CONNECTED-2024 халықаралық конференциясына қатысты. Делегацияда НМУ Аппарат басшысы Мақсат Байзақ пен Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Талифа Мансурова бар.
CONNECTED-2024 конференциясы әлемнің 20-дан астам елінен 1500-ге жуық делегатты біріктірді. Атап айтсақ, футурологтар, философтар, инновациялар мен технологиялар саласындағы көшбасшылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, әлемдегі жетекші EdTech-компаниялардың, халықаралық ұйымдардың, трансұлттық корпорациялардың және т.б. құрылтайшылары мен өкілдері бар. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, конференцияның басты мақсаты – әлемдік білім мен ғылымды дамыту арқылы жаңа болашақты қалыптастыру екенін атап өтті.
Қ. Тоқаев «CONNECTED 2024» жайлы шығармашылық идеяларды талқылап, болашақты болжауға, озық білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған бірегей жоба деп баға берген. «Қазақстан шетелдің беделді жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, академиялық хаб құру жолында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Біз еліміздің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру үшін берік негіз қалыптастырудамыз. Бүгінгі басқосу ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық байланысын бекемдеуге, білім беру және адам капиталын дамыту саласына тың тәсілдер енгізуге жол ашады деп сенемін», — делінген ҚР Президентінің хатында. Т.Дүйсенова Президент тапсырмасына сай, әлемнің алдыңғы қатарлы 23 жоғары оқу орны елімізде жұмысын бастағанын хабарлаған Вице-премьер стратегиялық әріптестерге Үкімет атынан алғыс білдірді.
НМУ проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар конференция аясында ЖОО-лар арасындағы байланыстарды нығайту, цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізу бойынша жаңа бастамаларды қарастырды. Университеттің стратегиялық даму бағыттары мен болашақтағы халықаралық әріптестіктер мәселесі де назардан тыс қалмады.
«Конференцияда қабылданған шешімдер біздің оқу орнымыздың әлемдік білім кеңістігіне интеграциясын жеделдетуге септігін тигізеді деген сенімдемін. Сондай-ақ халықаралық әріптестікті кеңейту, студенттермен және оқытушылармен алмасу бағдарламаларын жетілдіру де басты мақсаттардың бірі», – деді Ершат Ағыбайұлы.
ҚР Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73.
info@nmu.edu.kz
+7 (727) 302-09-30 | 7 (727) 302-07-09 | +7 777 302 09 66