Байланыс ақпараты
ҚР Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73.
info@nmu.edu.kz
+7 (727) 302-09-30 | 7 (727) 302-07-09 | +7 777 302 09 66
Университет табалдырығын алғаш аттаған 823 студентке НМУ кітапхана бөлімі – кітапхана мен оқу залының тәртібімен таныстырды. Университет кітапханасының маңызды ресурстарының бірі ретінде, кітаптарды алу, беру және оқу залының тәртібін сақтау әрбір студент үшін басты талап болмақ.
Нұр-Мүбарак университетіне биыл 2024-2025 оқу жылына 860 білім алушы (бакалавриат – 823; магистратура – 35; докторантура — 9) қабылданды. Университет табалдырығын алғаш аттаған 823 студентке НМУ кітапхана бөлімі – кітапхана мен оқу залының тәртібімен таныстырды. Университет кітапханасының маңызды ресурстарының бірі ретінде, кітаптарды алу, беру және оқу залының тәртібін сақтау әрбір студент үшін басты талап болмақ.
НМУ кітапхана бөлімінің меңгерушісі Алтынгүл Тоқан студенттерге кітаппен жұмыс істеу жүйесін ғана емес, оқу залының тәртібін таныстыру аса маңызды екенін алға тартты. Сондықтан бірінші курс студенттеріне кітапхана, оқу залы мен электронды оқу залын пайдалану тәртіптері түсіндіріліп, оның талаптары мен ережелері егжей-тегжейлі таныстырылды. Оқырмандарды кітапхана мүмкіндіктерін тиімді қолдануға бағыттап, тәртіпті бұзғандарға жауапкершілік жүктелетіндігі ескертілді.
Жаңа оқу жылында студенттерге кітапхананы пайдалану тәртібі бойынша келесідей маңызды ережелер айтылды:
Студенттер абонементтерін ашып, алғашқы кітаптарын алып, дәрістерге дайындықтарына қызу кірісіп кетті. Кітапхана ұжымы білім жолына түскен жас жеткіншектерге сәттілік тілеп, оқу жылын қызықты әрі пайдалы шараларды бірлесіп атқаруға сенім білдірді.
#НМУ #ОқуЖылы #КітапханаТәртібі #ИсламТарихы #Білім #Оқушылар #Студенттер
ҚР Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73.
info@nmu.edu.kz
+7 (727) 302-09-30 | 7 (727) 302-07-09 | +7 777 302 09 66