III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН САЙЫСЫ

ШАРТТАРЫ: Сайысқа қатысушы Қазақстанның Жоғарғы оқу орындарының бірінде (ер н/е қыз) студент болуы (бакалавриат, магистратура н/е докторантура) керек. Сайысқа қатысушы өзі қатысқысы келетін номинацияны сауалнамада

Толығырақ »

Нұр-Мүбарак университеті Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар бөлімі меңгерушісі

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!Нұр-Мүбарак университеті Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар бөлімі меңгерушісі қызметіне өтінім қабылданады. Байланыс телефоны: 8(727) 302 09 38Эл.пошта: info@nmu.kz

Толығырақ »

Талапкер
2024

ОНЛАЙН САБАҚ КЕСТЕСІ

ДАЙЫНДЫҚ КУРСТАР

ВИРТУАЛДЫ
ТУР

CALL-CENTER HELP DESK

NUR-MUBARAK QORY

"Нұр-Мүбарак" олимпиадасы

FAQ - Жиі қойылатын сұрақтар

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет Араб респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Университеттің ең жоғарғы басқару органы: екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған Қамқорлар кеңесі. Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Университет Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді.

Университет қаламздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы,  «NM-collection» тігін шеберханасы,  NMU-shop, асхана жұмыс істейді.

Университет 13 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.

Бакалавриат бөлімінде:
  1. Исламтану(4 жылдық) – қазақ, ағылшын, орыс бөлімдері;
  2. Исламтану(3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  3. Дінтану (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  4. Дінтану (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  5. Дінтану (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  6. Теология (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  7. Теология (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  8. Теология (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  9. Шетел тілі: екі шет тілі (араб-ағылшын, ағылшын-араб) – 4 жылдық.
Магистратура бөлімінде:
  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.
Докторантура бөлімінде:
  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.

Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына қабылданудың шекті балы -50. Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының шекті балы -75. Бұл ретте ҰБТ және Шығармашылық емтиханның әрбірінен 5-тен жоғары балл жинау талап етіледі.

Биыл мектеп бітіруші талапкерлер үшін бектілген пәндер бойынша ҰБТ тапсыруы міндетті. ҰБТ нәтижесімен 20 маусым мен 5 шілде аралығында университтеттің қабылдау комиссиясына хабарласып, шығармашылық емтиханға өтініш береді және шілде айының 13-20 күндері аралығында мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім бере алады.

Университетте барлық мамандықтар бойынша грант қарастырылған. Маусым айында тапсырылған ҰБТ мен шығармашылық емтиханда шекті балды жинағанталапкерлер 13-20 шілде аралығында Білім гранты конкурсына қатысуға өтініш береді. Емтихандардан жоғары балл жинаған талапкер конкурс нәтижесі бойынша грант иегері атанады.

1) Өтініш;

2) Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

3) 3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;

4) 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

5) 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;

6) Жеке куәлік көшірмесі қатарлы құжаттар талап етіледі.

Университетте 610 орындық жатақхана бар. Бірінші кезекте 1-курс студенттері жатақханамен толықтай қамтамасыз етіледі. Қалған курстарға әлеуметтік жағдайына байланысты беріледі.