Жалпы еңбек өтілі 14 жыл. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, Тұран университеттерінде сабақ берген. Оқытушылық жұмыс тәжірибесінен бөлек Тұран университетіндегі халықаралық сертификатталған TOEFL ibt және SAT тест орталықтарында супервайзер қызметін атқарған, Ұлттық аударма бюросында, National Geographic Kazakhstan журналында сырттай аудармашы ретінде жұмыс істеген. 2014 жылы Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік грант иегері, 2021 жылы Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы. «100 кітап» бағдарламасы аясында 4 оқулықты аударуға, бір оқулықта редакторлық жасауға ат салысқан. Екі рет АҚШ елінде шетелдік ғылыми тағылымдамалардан өткен. Мемлекеттік қаржыландырылған 4 жобада ғылыми қызметкер ретінде қатысқан. IELTS сертификатының көрсеткіші 8-ге тең. 30-астам мақаланың, 3 монографияның авторы. Екінші шетел тілін оқыту, түркі мәдениеті, қазақ мәдениеті, семиотика, мәдениетаралық қарым-қатынас тақырыптар бойынша ізденістер жасайды. Қазіргі таңда Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, тәжірибесі мол, білікті маман.