Нұр-Мүбарак университетінің жаңа оқу ғимаратының құрылысы жаңа қарқын алмақ. Себебі құрылысқа байланысты жақында ғана жарияланған тендер өз жеңімпазын анықтады.

Университет басшылығы тарапынан құрылған арнайы комиссия тендерге түскен өтініштер мен ұсыныс-талаптарды саралай келе, жаңа ғимараттың құрылыс тізгінін «Көктөбе Құрылыс» («Көктөбе Строй Недвижимость») ЖШС құрылыс компаниясына беруге шешім қабылдады.

Осыған орай, барлық тиісті құжаттар толтырылып, екі жақты келісімдер жасалуда. Құжаттық кезең аяқталған бойда, 9 қабатты құрылыс іске қосылмақ. 

428