ИНДОНЕЗИЯЛЫҚ ТЕЛЕАРНА НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАЙЛЫ ТҮСІРІЛІМ ЖАСАДЫ

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Индонезия Республикасының танымал Net телеарнасының түсіру тобы арнайы келді. Үш адамнан құрылған телевизиялық топты ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат қабылдап, білім ордасының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы кеңінен сұхбат берді. Индонезиялық тілшілерді қазақ еліндегі ислами университеттің тыныс-тіршілігімен қатар, мұнда білім алушылардың контингенті де қызықтырды. Сондай-ақ Қазақстандағы жалғыз ислами жоғары оқу ордасының ерекшелігі мен елдегі діни тұрақтылық саласында атқарып жатқан қызметі жайлы сауалдарға проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев жауап берді. Сондай-ақ қасиетті Рамазандағы университеттің өмірі жайлы да хабардар етті. Ежелден ислам дінін ұстанған қазақ еліндегі бүгінгі көпұлттылық пен көпконфессиялық жағдайындағы мемлекеттік саясаттың маңызды тұстарын да түсіндірді.

Набила Ишма Нұрхабиба, Иери Уахуди Фирдаус және Екки Ризқи Поеруанты есімді телевизиялық топтың елімізге арнайы ат арытып келгендегі мақсаты – Қазақстан жайлы деректі фильм түсіру. Деректі фильм 275 миллион халқы бар Индонезияға Орталық Азияның ең бай елдерінің бірі – Қазақстан мемлекетімен таныстырып , елге назарын аударту, ең тартымды туристік бағыттарды мәдени және исламдық мұраларды көшпелі халықтың әдет-ғұрпын, қасиетті Рамазанды тойлауда дәстүрлі сүйікті тағамдарды насихаттау. 30 қаңтарда басталған іссапарының алғашқы күндерін еліміздегі жалғыз ислами университеттің тарихы, қазақстандықтарға ислам дінін насихаттау рөліне қатысты сауалдарға арнап отыр Қыстың суығына алғаш куә болған Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген экваторлық қонақтарға қазақ елінің ерекше қонақжайлылығы жылулық сыйлағанын жасырмады. Мәртебелі меймандардың сапары 11 ақпанға дейін жалғасады.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.
182