Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті

المجلس العلمي

МУХИТДИНОВ РАШИД СРАЖОВИЧ
Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы
Филология ғылымдарының
кандидаты

Телефон: +77759322055
e-mail: mukhitdinov.rashid@gmail.com

    Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылыми кеңесі кеңесу-мәжілістік орган болып табылады. Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді.

Ғылыми кеңестің құзыреті

– университет құрылымын бекітеді;

– университет қызметін реттейтін нормативтік актілерді қабылдау және оларға өзгерту мен толықтырулар енгізеді;

– университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді;

–университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

–оқытудың барлық сапасы мен формаларының оқу жоспарларын бекітеді;

оқулықтар, оқу құралдары және оқу-әдістемелік құралдарды шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;

– студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;

– доцент және профессор ғылыми атағын беруге ұсынады;

– университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады;

– университеттің алқалық шешімді қажет ететін ағымдағы басқа да мәселелерін қарастырады.