Введите текст заголовка

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

     Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығымен (IRCICA) бірлесе отырып, 2025 жылдың 9-10 қазан күндері Алматы қаласында «Қазақстан мәдениеті және Ислам дінінің қолжазбалық мұрасы: Алтын Орда мен Мысыр мәмлүктері коллекциялары мысалында» атты III Халықаралық семинар өткізуді жоспарлауда.

     Халықаралық семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылатын «Сандық кеңістіктегі ислам (қазіргі Қазақстан мысалында)» (ИРН «АР19680228») ғылыми гранттық жоба аясында жүзеге асырылады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 73,
Нұр-Мүбарак Мысыр ислам мәдениеті университеті.

Жұмыс тілдері: қазақ, араб, ағылшын, түрік тілі

Форматы: офлайн және онлайн

Семинардың мақсаты

XIII-XVI ғасырларда Қазақстан мен Таяу Шығыс елдері арасындағы
мәдени байланыстарды, ғылым мен өнер салаларын зерттеу және жаңа
дереккөздер негізінде практикалық мәселелерді талқылау.

Семинардың міндеттері
  • Мәдени мұраны зерттеудегі халықаралық тәжірибені зерделеу
  • Тәжірибе алмасу
  • Жарияланбаған дереккөздерді каталогтау және цифрландыру
  • Жаңа дереккөздерді талдаудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеу
  • Ғылыми мектептер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа формаларын іздеу
Пленарлық және секциялық отырыстар

Пленарлық отырыс:

  • Алтын Орда мен Мысыр мәмлүктері дәуіріндегі мәдени және ғылыми өмір

Секциялық отырыстар:

  • Алтын Орда мен ортағасырлық Қазақстанның мәдени өмірін зерттеудегі қолжазбалық мұралар
  • Қазақстан қорларындағы ислам мәдениеті мен өнеріне қатысты қолжазбалар
  • Мысыр мәмлүктері құжаттарының маңызы
  • Цифрлық қорлар және халықаралық әріптестік
  • «Алтын Орда мен Мәмлүк мұрасын зерттеуге арналған мысырлық басылымдар» кітап көрмесі
  • «Мысыр Араб Республикасындағы қорлардан Қазақ даласынан шыққан ғалымдар еңбектері» экспозициясы
Ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар
  • Аннотация (150 сөз) – қазақ, ағылшын және мақала тілінде
  • Кілт сөздер: 5-8 сөз
  • Кіріспе: 200-250 сөз
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды және әдебиеттер тізімі (APA 7)
  • Мақала көлемі – кемінде 10-12 бет

Жіберу мерзімі: 2025 жылғы 25 қыркүйек

E-mail: gylym@nmu.edu.kz

Ұйымдастыру комитеті

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылым бөлімі

Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA)

Семинарға тіркелу үшін QR кодты оқытыңыз