III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ШАҚЫРАДЫ!

          Құрметті жоғары оқу орындарының студенттері (кез келген университет).

Сіздерді Нұр-Мүбарак университеті 4 сәуір күні өтетін (2024 ж.) дәстүрлі III Республикалық Құран жарысында бақ сынауға шақырады.

Құран жарысы 4 түрлі категорияда өтеді:

         10 пара, 3 пара, 1 пара бойынша сайысқа қатысатын студенттер қай параларды жаттағандығын нақты айтуы керек!

Ескерту: 1 пара бойынша Құран жарысына Нұр-Мүбарак университетінің студенттері қатыса алмайды.

ТІРКЕЛУ ҮШІН QR CODE СКАНЕРЛЕП, СОЛ АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ ҚАЛДЫРА АЛАСЫЗ.

Өтетін уақыты: 4 сәуір 2024 ж.
Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби 73, Нұр-Мүбарак университеті.

ШАРТТАРЫ:

  1. Сайысқа қатысушы Қазақстанның Жоғарғы оқу орындарының бірінде (ер н/е қыз) студент болуы (бакалавриат, магистратура н/е докторантура) керек.
  2. Сайысқа қатысушы өзі қатысқысы келетін номинацияны сауалнамада таңдауы керек. Құран сайысы төменде көрсетілген 4 номинация бойынша өтеді:
  1. Сайысқа қатысушы 2 ші, 3 ші н/е 4 ші номинациялардың бірін таңдаған жағдайда сауалнамада қай параларды жаттағандығын санмен жазып көрсетуі керек.
  2. Сайысқа қатысушы талап етілетін параларды толық жаттаған болуы қажет сондай-ақ паралары толық болуы керек, яғни екі бөлек жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;
  3. Сайысқа қатысушы құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімге дейін толық тапсыруы керек.
  4. Үміткер Құран сайысына тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады;
  5. Сайысқа қатысушы Республикалық н/е Халықаралық жарыстарда Құранды толық жатқа оқудан жүлделі (I, II н/е III) орындар алмаған болуы керек.
  6. Алдыңғы екі жылда яғни 2022 және 2023 жылғы Нұр-Мүбарак университетінде өткен Республикалық Құран сайысында 10 пара, 3 пара н/е 1 пара бойынша (I, II н/е III) орын алған жеңімпаздар биылғы 2024 жылғы сайысқа тек жоғары номинацияларға ғана қатыса алады, яғни 3 жыл көлемінде (өзі жүлдегер болған) алдыңғы номинациясы бойынша сайысқа қайтадан қатыса алмайды.
  7. Сайысқа қатысушы сайыс барысында қазақи-діни киім үлгісін сақтауы тиіс.
  8. Сайысқа қатысушының құжаттары Наурыз айының 29-на дейін ғана қабылданады.