бойынша докторантураға түсушілер үшін қабылдау емтиханның негізгі тақырыптары
Пән атауы: «Ислам философиясы»
Тақырып. Ислам философиясы
Ислам философиясының қалыптасуы. Орта ғасырдағы ислам философиясы. Ислам әлемінде пайда болған философиялық мектептер. Ислам философиясының пайда болуына негіз болған факторлар.
Пән атауы: «Исламдағы ағымдар мен бағыттар»
Тақырып. Исламдағы ағымдар мен бағыттар
«Хизб-ут-Тахрир».Уаххабийа. Харижилер. Муғтазалийа. Нусайрийа. Кайсанийа. Зайдийа. Имамийа. Исмайлийа. Такфир жамағаты.
Пән атауы: «Қазіргі дінтанудың мәселелері»
Дінтанулық зерттеудің принциптері.Классикалық дінтану және оның құрылымы мен концепциялары. Дінтану методологиясы. Дінтанудағы бағыттар. Қазіргі қоғамдағы діннің саяси-құқықтық мәселелері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының дінге қатысты ұстанымы.
Қазіргі дінтанулық білімнің құрылымы.Дін философиясы және дінді философиялық пайымдаудың парадигмалары. Дінтанудағы эволюционистік бағыт. Дін социологиясы. Діни антропология. Дін психологиясы. Дін феноменологиясы. Секуляризация және рациональды таңдау теориясы. Саясат пен дін арақатынасы. Діни құқық. Діннің философиялық концепцияларының методологиялық принциптері. Жаңа діни ағымдарды зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері.
Қазіргі дінтанулық зерттеулердің әдіс-тәсілдері. Дінтану объектісі және пәні.Дін ғылыми зерттеу нысаны ретінде. Секуляризация теориясы.Дінтанудағы мифология.Дінді түсіндірудегі тәсілдемелер. Э.Дюркгейм, М.Вебер, Э.Б.Тайлордің дінтануға қатысты теориялары. Дінтанудың қалыптасуына әсер еткен эволюциялық әдістер.
Дінтанудағы этнологиялық-антропологиялық бағыттың қалыптасуы мен даму тарихы.Антропология мен этнологияның дінтану ғылымындағы рөлі мен дінтану ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі.
Ұынылатын әдебиеттер тізімі: