Why Choose Us
benefit 1
A short description of the benefit.
benefit 2
A short description of the benefit.
benefit 3
A short description of the benefit.
benefit 4
A short description of the benefit.
Білім күнінде ҚР Президентінің халыққа Жолдау жариялауы дәстүрге айналды деуге болады. Бүгін де Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанда осы жайлы атап өтті:
Құрметті отандастар!
Баршаңызға мәлім, мен жыл сайын халыққа Жолдауымды Парламент сессиясының ашылуында жариялаймын. Бүгінде бұл жақсы дәстүрге айналды. Мұның айрықша мәні бар.Себебі дәл осы сәтте және дәл осы жерде билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосады. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалады. Нақты тапсырмалар беріледі, жаңа міндеттер жүктеледі. Парламент, Үкімет және басқа да құзырлы органдар тың қарқынмен іске кіріседі. Бір сөзбен айтсақ, мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін бұл іс-шара өте маңызды,-деп бастады «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталған Жолдауын.
Президент әуелі ҚР Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялап, халық қалаулыларын құттықтап өтті. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс пен Сенат депутаттарымен қатар орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық Құрылтайдың, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.
Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы, нақтырақ айтсақ, ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат, проректор доктор Қайрат Құрманбаев бастаған оқу орын өкілдері Президент Жолдауын тікелей эфирде тамашалап, жаңа оқу жылына жаңа серпін алды.
This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.