Исламтану кафедрасы
ҚР мемлекеттік қызметінің әртүрлі деңгейлерінде (министрліктерде, департаменттерде, әкімшіліктерде), ғылыми-зерттеу орталықтарында, БАҚ және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, сараптама орталықтары, діни оңалту орталықтары т.б құрылымдарда өз құзіреттілігі мен біліктілігі аясында қызмет етуге қабілетті мамандар даярлау;
Мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылығына нұқсан келтіретін діни экстремистік, террористік қауіптерді болжап, алдын алу және деструктивті діни ағымдардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік-психологиялық, дінтанулық-теологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіби біліктіліктерге ие мамандарды дайындауға үлес қосу.
Кадрлардың біліктілігін арттыруға үлес қосу;
Сапалы және бәсекелестікке қабілетті қамтамасыз ететін білім деңгейіне қол жеткізу;
Білім беру үдерісіне қазіргі заманғы ғылыми жетістіктер мен инновациялық оқу технологияларын кеңінен енгізу;
Теориялық білімді қоғамдық сұраныстың тәжірибелік салаларымен сабақтастыру;
Кафедра туралы
Ашылған жылы: 2001 жыл
Исламтану кафедрасы Ислам ілімдері факультетінің негізінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ашылған 2001 жылы құрылды. Қазіргі таңда кафедрада 53 оқытушы-профессорлар қызмет етеді. Олардың: 1 профессор; 1- ғылым кандидаты; 3 — қауымдастырылған профессор; 21 — PhD ; 27 – магистр, 1- оқытушы. Сонымен бірге кафедра құрамында шет елдік ғалым, докторлар да қызмет етеді. Атап айтқанда, Египеттен — 13 шариғат білімдері бойынша доктор, Түркиядан — 2, Тәжікстаннан — 1 оқытушы бар.
2001-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Ато ас-Сынбати,
2013-2014 жылдары Шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Атыя Фатхи Мұхаммед Әли әл-Фиқи атқарды.
2013-2017 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін PhD, қауымдастырылған профессор Шамшат Амангелдіқызы Әділбаева атқарды.
2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін PhD Нұрлан Сайлауұлы Анарбаев атқарып келеді.
2024 жылы кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметіне педагогика ғылымдарының магистрі Маржан Аманбайқызы Жолмағанбетова тағайындалды.
Оқытушы-профессорлар құрамы



0
+
Ғылым докторы
0
+
Ғылым кандидаты
0
+
Ғылым докторы
0
+
Магистр, аға оқытушы
НҰРЛАН САЙЛАУҰЛЫ АНАРБАЕВ
Кафедра меңгерушісі, PhD доктор, доцент
Кафедра миссиясы
Исламтану саласы және діни насихат жұмыстары бойынша исламтанудың теориялық және практикалық мәселелерін шешуге қабілетті, исламтану саласы негізінде ғылыми-зерттеулер мен педагогикалық қызмет атқара алатын, қоғам сұранысына дер кезінде лайықты шешім ұсынатын, сыни көзқараспен ойланып баға бере алатын, жаңа шешімдер ұсына білетін, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық және ұлттық құндылықтарды сақтайтын, жоғары дәрежелі түлектер мен білікті мамандарды дайындау.