ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНА — 35 ЖЫЛ
Құрметті қазақстандық мұсылман қауым! Сіздерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Әлемдегі алпауыт империялардың бірі саналған Кеңес Одағы тұсында 1990 жылы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайы өтіп, дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылуы – теңдессіз ерлік! Себебі ҚМДБ-ның осы дербестікке жету жолына ғасырға жуық уақыт кеткені рас. Алғаш 1906 жылы […]
ҚАЗАҚ ЕЛІ АУЫР ҚАЗАҒА ҰШЫРАДЫ
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті Қазақ елінің бірегей абайтанушы ғалымы, филолог, профессор Мекемтас Мырзахметов 95 жасында өмірден озды. Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті Мекемтас Мырзахметұлының отбасы, туыстарына қайғырып көңіл айтады. Саналы ғұмырын қазақ руханиятына, туған халқының дамуына арнаған ғалымның орны ерекше еді. Мейірімді Алла Мекемтас атамыздың алдынан жарылқап, жаны жәннатта болсын. Мекемтас Мырзахметұлы […]
НМУ ПРОРЕКТОРЫ PHD ДОКТОР ЕРШАТ ОҢҒАР ҚМДБ-НЫҢ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
НМУ ПРОРЕКТОРЫ PHD ДОКТОР ЕРШАТ ОҢҒАР ҚМДБ-НЫҢ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) 35 жылдық мерейтойына орай Алматыда өткен бірқатар іс-шараларға қатысты. Проректор Ершат Ағыбайұлы Бас мүфтидің ұйытқы болып отырған игі шаралардың маңыздылығына тоқталып, ел руханияты мен дін тұрақтылығы, ислам білімі мен […]
ЕРШАТ ОҢҒАР: Зияткер азамат қалыптастыруды мақсат етеміз
Ершат ОҢҒАР: Зияткер азамат қалыптастыруды мақсат етеміз Діннің атын жамылып, дүдәмал сенімдерін таратуды көздейтін түрлі бүлдіргі ағымдар бой көтерген заманда дұрыс діни білім беру – мемлекет алдында тұрған маңызды мәселенің бірі. Осы орайда тәуелсіздік жылдары елімізде діни білім беретін университет пен бірнеше медресе бой көтерді. Бүгінде бұл салада қандай жұмыс жүріп жатқанын білу мақсатында «Нұр-Мүбәрак» […]
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ БОЛЫП НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ САЙЛАНДЫ
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ БОЛЫП НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ САЙЛАНДЫ Бүгін Астанада өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасы ұсынылды. Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлады. Бұл туралы www.muftyat.kz хабарлады. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай […]
НМУ БАСШЫЛАРЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
НМУ БАСШЫЛАРЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ Түркістан облысына арнайы ат басын тіреген Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы Шымкент қаласындағы Дайындық курсының тыныс-тіршілігімен танысты. 2019 жылы ашылған үш қабатты оқу ғимаратының сыйымдылығы 60 адам. Сондай-ақ 5 жатын бөлмесі, 1 асхана, 4 сынып бөлмесі, 1 дәріс залы, кітапхана секілді білім алуға қажетті барлық мүмкіндіктер жасалған. Нұр-Мүбарак университетінің […]
ҚАРЛЫ СЕНБІЛІК: НҰР-МҮБАРАК ҰЖЫМЫ ТАЗАЛЫҚҚА ЖҰМЫЛДЫ
Қарлы сенбілік: Нұр-Мүбарак ұжымы тазалыққа жұмылды Алматының қысы қалың қарымен танымал, бұл күнделікті тіршілікке айтарлықтай кедергі келтіреді. Осыған орай, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Оңғардың бастамасымен оқу кешенінің ауласын және жақын маңдағы көшелерді қардан тазарту мақсатында қысқы сенбілік ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – студенттер, оқытушылар және қызметкерлер қауымын ортақ іске жұмылдырумен қатар, университет пен […]
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! Сіздерді елдігіміздің ең асыл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – еліміздің әрбір азаматы үшін ұлы мақтаныш пен асқақ рухтың мерекесі. Тәуелсіздік – бұл жай ғана сөз емес, бұл біздің азат рухымыздың, еңселі ерлігіміздің, мәңгілік мұратымыздың символы. Ол – халқымыздың сан ғасырлық асыл армандарының жүзеге асқан көрінісі, тағдырлы тарихымыздың алтын парағы. […]
НМУ-ДАН ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ДІН САЛАСЫ БОЙЫНША ОТАНДЫҚ ЕКІ PHD ДОКТОР ҚОСЫЛДЫ
НМУ-ДАН ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ДІН САЛАСЫ БОЙЫНША ОТАНДЫҚ ЕКІ PHD ДОКТОР ҚОСЫЛДЫ Нұр-Мүбарак университетінде исламтану және дінтану саласы бойынша екі диссертант ғылыми PHD докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шықты. Атап айтсақ, 6D020600 – «Дінтану» бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін Еркінбек Керімбекұлы Шоқай «Такфиризм идеологиясы: тарихи қалыптасуы және теологиялық аспектілері» тақырыбындағы диссертациясын қорғады. Ғылыми кеңесшілер: филол.ғ.д., профессор Ш.Т. […]
НМУ РЕКТОРЫ МЕН ПРОРЕКТОРЫ «АЛТЫН ОРДА ӨРКЕНИЕТІ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
НМУ РЕКТОРЫ МЕН ПРОРЕКТОРЫ «АЛТЫН ОРДА ӨРКЕНИЕТІ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Бүгін Алматыдғы Ұлттық кітапханада Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Алтын Орда өркениеті: рухани мұра және дәстүр жалғастығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен алқалы жиынға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мұхаммад Ибраһим мен проректор, […]
ЕЛОРДАДА АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Елордада Академиялық адалдық форумы өтті 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде БҰҰ ЕҚБ және Академиялық адалдық лигасының жобалық кеңсесімен бірлесіп білім беру саласында парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша республикалық форум өтті. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары бас қосқан форумға Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар қатысты. Ершат Ағыбайұлы өз сөзінде академиялық […]
PHD ДОКТОРАНТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ
2024-2025 қысқы қабылдау үдерісі кезінде PHD ДОКТОРАНТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ 1. МУМИНОВА ЗУЛЬФИЯ ПОЛАТОВНА D051 — Религия и теология Мемлекеттік грант иегері 2. СМАНОВА МАВЛЮДА ТАЖИБАЕВНА D051 — Религия и теология — 3. ӘСЕМБАЙ ТАЛҒАТ ШАЙДІЛЛАҰЛЫ D051 — Религия и теология — 4. РАХИМОВ АБУБАКИР АБДУМАЖИТ ОГЛИ D051 — […]