ШАРТТАРЫ:

  1. Сайысқа қатысушы Қазақстанның Жоғарғы оқу орындарының бірінде (ер н/е қыз) студент болуы (бакалавриат, магистратура н/е докторантура) керек.
  2. Сайысқа қатысушы өзі қатысқысы келетін номинацияны сауалнамада таңдауы керек. Құран сайысы төменде көрсетілген 4 номинация бойынша өтеді:
  1. Сайысқа қатысушы 2 ші, 3 ші н/е 4 ші номинациялардың бірін таңдаған жағдайда сауалнамада қай параларды жаттағандығын санмен жазып көрсетуі керек.

  2. Сайысқа қатысушы талап етілетін параларды толық жаттаған болуы қажет сондай-ақ паралары толық болуы керек, яғни екі бөлек жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;

  3. Сайысқа қатысушы құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімге дейін толық тапсыруы керек.

  4. Үміткер Құран сайысына тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады;

  5. Сайысқа қатысушы Республикалық н/е Халықаралық жарыстарда Құранды толық жатқа оқудан жүлделі (I, II н/е III) орындар алмаған болуы керек.

  6. Алдыңғы екі жылда яғни 2022 және 2023 жылғы Нұр-Мүбарак университетінде өткен Республикалық Құран сайысында 10 пара, 3 пара н/е 1 пара бойынша (I, II н/е III) орын алған жеңімпаздар биылғы 2024 жылғы сайысқа тек жоғары номинацияларға ғана қатыса алады, яғни 3 жыл көлемінде (өзі жүлдегер болған) алдыңғы номинациясы бойынша сайысқа қайтадан қатыса алмайды.

  7. Сайысқа қатысушы сайыс барысында қазақи-діни киім үлгісін сақтауы тиіс.

  8. Сайысқа қатысушының құжаттары Наурыз айының 25 не дейін ғана қабылданады.