Монғолиядағы мұсылман қауымының басын біріктіріп отырған дінбасы қандасымызды университет проректоры PhD доктор Қайрат Құрманбаев қабылдады.
Университеттің тыныс-тіршілігімен қатар оқу үдерісі, білім беру бағдарламалары жайлы айтылған сұхбат барысында мүфти Батырбек қажы Хадысұлына Монғолиядан келіп білім алушы студенттердің жағдайы да таныстырылды. Мәртебелі мейман университет кешенін аралап, кітапхана, оқу залы, аудиториялармен танысып, жаңадан салынып жатқан құрылыс барысынан да хабардар болды. Сөз барысында мүфти Батырбек қажы Хадысұлы өзінің ең алғаш атажұртқа келіп, дін білімін алуға тұңғыш Бас мүфти Ратбек қажы Нысанбайұлының ұйытқы болғанын тілге тиек етті.
НМУ проректоры Қайрат Құрманбаев Моңғолия мұсылмандар Одағының төрағасы, мүфти Батырбек қажы Хадысұлына ризашылығын білдіріп, қазақы дәстүрмен сыйкәде жасады. Университет баспасынан шыққан кітаптар мен тарихы жайлы еңбекті естелікке ұсынды.