Skip to content
[:kk]
«8D02201-Исламтану» мамандығы бойынша докторантураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік бағдарлама негізінде әзірленді.
МАЗМҰНЫ
- Мамандыққа қабылдау емтихандарының мақсаты мен міндеттері.
Докторантураға қабылдау емтихандарының мақсаты – талапкерде профессионалды исламтану саласында, жеке және әртүрлі деңгейдегі міндеттерді орындайтын негізгі кәсіби жауапкершілік пен білімнің қалыптасуын бағалау болып табылады.
Емтихан міндеттері:
- PhD докторы дәрежесін ізденушінің теориялық және тәжірибелік дайындық дәрежесін, ғылыми білімді ЖОО-да және ғылыми-зерттеуде білімін қолдана білуін бағалау;
- Кәсіби салада типті міндеттерді шешу үрдісінде білімді біріктіре білу және қалыптастыру дәрежесін анықтау;
- Ақпараттық және коммуникативтік мәдениет білімділік дәрежесін анықтау;
- Жалпы мәдени ережелер және кәсіби ынталандырудың қалыптасу дәрежесін айқындау.
- «8D02201-Исламтану» мамандығы бойынша докторантураға түсушілерге қойылатын талаптар.
Емтиханда ізденушілер жеке бастарымен зерттеудің жаңа тәсілдеріне үйрену, кәсіби функцияларды іске қосуымен байланысты міндеттер мен мақсаттарды қоя білу дәрежелерін көрсетуі керек. Оларды шешуде алынған ғылым әдістерін қолдануға дайын болу, адамзат пен мемлекет алдында істеген кәсіби және ғылыми іс нәтижелеріне жауап беру, демокртиялық сенім мен гуманистикалық құндылықтар негізінде құрылған белсенді азаматтық позиция ұстану, кең кәсіби салада шығармашылығын көрсете білу, өз мамандығының қоғамдағы орнын түсіне білу, кәсіби міндеттерді орындауда жоғары ынталындыруға, істе үлкен жауапкершілікке ие болу, азаматтық және кәсіби борыш сезіміне ие болу, жаңа идеялар ойлап табу қасиетіне ие болу, өзінің мүмкіншіліктерін жоғарылату, қоғам және этикалық нормаларға әсер етпей өз саласында оптималды стратегияларды жасау, жаңа немесе аяқ асты ситуацияларда мәселерді шеше білу және істеген ісіне жауап беру секілді қасиеттерді бойына дарыта білуі керек.
- Оқуға түсушілерге арналған емтихан түрі: — ауызша емтихан
- ИСЛАМТАНУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
Ақида сұрақтары:
- Матруди мектебінің түсіндіруі бойынша «иман» дегеніміз не? Матуридилердің ұстанымы бойынша «иман» және «ислам» ұғымдарының арасында айырмашылық бар ма? Иман артып, кеми ме?
ما هو الإيمان عند الماتريدية؟ وهل هناك فرق بين الإيمان والإسلام عند الماتريدية؟ وهل الإيمان يزيد وينقص أم لا؟
- Иманда «истисна» жасауға бола ма, бұл мәселеге қатысты матуридилер мен әшғарилердің ұстанымы қандай?
هل يجوز الاستثناء في الإيمان؟ و ما رأي الماتريدية و الأشاعرة في هذه المسألة؟
- «Әһлу әл-фатраның» үкімі қандай? Егжей-тегжейлі баяндаңыз.
ما حكم أهل الفترة؟ اشرح بالتفصيل.
- «Ас-Салах уә-л-аслах» ұғымы нені білдіреді? «Аслах» ұғымына қатысты муғтазилилердің ұстанымы қандай?
ما مفهوم الصلاح و الأصلح؟ و ما رأي جمهور المعتزلة في الأصلح؟
- Матуридилердің және әһл әл-хадис мектебі өкілдерінің «халқ әл-иман» мәселесіне қатысты ұстанымы қандай?
اشرح مسألة خلق الإيمان عند الماتريدية و أهل الحديث.
- «Табсират әл-әдилла фи усули-д-дин» атты еңбектің авторы кім және бұл еңбектің Матуриди ақидасы бойынша жазылған өзге еңбектерден ерекшелігі не?
اذكر مؤلف و خصائص كتاب «تبصرة الأدلة في أصول الدين»
- Матруди мектебінің «Айн», «уажһ», «ияд» секілді хабари сипаттарға қатысты ұстанымы қандай?
اذكر موقف الماتريدية في الصفات الخبرية كاليد والوجه والعين؟
- Күпірлік Алланың үкімі (қада) және жазуымен (қадар) емес, егер солай болса, оған разы болуы міндетті болады. Ал бұл (яғни Алланың күпірлікке разы болуы) ғалымдардың ижмағына қайшы келеді. Бұл мәселеге қалай жауап бересіз?
الكفر ليس بقضاء الله وقدره ؛ لأنه لو كان ، لوجب الرضاء به وهذا منتفٍ بالإجماع ، كيف ترد على ذلك ؟
- Барлық нәрсе Алланың үкімімен (би қадаиһи) болса, онда дұға қылудың мәнісі не және Алла бізге дұға қылуды не үшін бұйырды? Бұған қалай жауап бересіз?
طالما كل شيء بقضاء ، فلا فائدة في الدعاء؟ ولم أمرنا الله به ؟ كيف تدفع ذلك بالدليل .
10. Алланың сөзі әріптен, дыбыстан тұрмаса, онда дыбыстар мен әріптерден тұратын Құран қалайша Алланың сөзі болады?
إذا كان كلام الله ليس بحرف ، ولا صوت ، فكيف نعتبر القرآن الكريم كلام الله ، وهو حروف وأصوات ؟
- Алла жамандық атаулыны жақсы көрмейтін болса, неге жаратты? Осы мәселе бойынша алға тартылған көзқарастарды келтіріп, ең дұрыс деген көзқарасты дәлел негізінде баяндаңыз.
لماذا خلق الله تعالى الشرور طالما لا يحبها ؟ استعرض الآراء المذكورة في هذه المسالة، مع توضيح الرأي المختار بالدليل.
- «Алла мекенге тәуелді емес» деген ұғым мен «الرحمن على العرش استوى» аятын қалай үйлестіреміз?
الله – تعالى- ليس متمكناً في مكان ، فكيف يتفق هذا مع قوله تعالى : » {الرَّحْمَنُ عَلَى الْعَرْشِ اسْتَوَى} ه:
13.Барлық жаратылыстың бойсұнуы немесе қарсы келуі, иман келтіруі немесе күпірлік қылуы Алланың қалауымен болады. Олай болса, «Алла пенделерінің күпірлік қылуына разы болмайды», «Алла пенделеріне зұлымдық қаламайды», «жындар мен адамзатты құлшылық ету үшін жараттым» деген мағынадағы аяттарды қалай түсінеміз?
الله مريد لجميع الكائنات طاعة ومعصية ، إيماناً ، وكفراً ،فكيف يتفق هذا مع قوله جل شأنه : » {وَلَا يَرْضَى لِعِبَادِهِ الْكُفْرَ} [الزمر: 7] «، وقوله : » {وَمَا اللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِلْعِبَادِ} [غافر: 31] «، وقوله : » {وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنْسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ} [الذاريات: 56] «؟.
- Алланың барлық істері хикметпен болса, жаннат пен тозақтың қазір де болуында қандай хикмет бар. Мұны «Одан басқаның барлығы жойылып жоқ болады» деген мағынадағы аятпен қалай байланыстарамыз?
أفعاله تعالى لحكمة ، فما حكمته تعالى من وجود الجنة والنار الآن ؟ وكيف يتفق هذا مع قوله تعالى : » {كُلُّ شَيْءٍ هَالِكٌ إِلَّا وَجْهَهُ} [القصص: 88] »
- Алланың сөзі естіле ме, естілмей ме? Егер естілмейтін болса Мұса Алла Тағаламен қалай тілдесті? Ал егер естілетін болса, онда Оның сөзінің адамдардың сөзінен айырмашылығы қандай?
كلام الله مسموع أم لا ؟ إذا كان غير مسموع فكيف كلمه موسى عليه السلام ، وإذا كان مسموعاً فما الفرق بينه وبين كلام البشر ؟
- Алланың қалауы мен кәпірдің күпірлігін, сондай-ақ кәпірдің қияметте жазалануын қалай түсіндіресіз?
كيف توفق بين مشيئته تعالى كفر الكافر، ومعاقبته عليه يوم القيامة ؟
- Иса пайғамбар Құранда «Алланың сөзі» деп келген. Ал Алланың сөзі бастауы жоқ қадім. Олай болса, Иса да бастауы жоқ қадім, сәйкесінше Иса да Құдай деген уәжге қалай жауап бересіз?
عيسى كلمة الله ، وكلام الله قديم ، فعيسى قديم ، فعيسى إله . كيف تدفع ذلك ؟
- Келесі екі аятты қалай түсінеміз?
«كيف تشرح وتوفق بين قوله تعالي:{وَاللَّهُ خَلَقَكُمْ وَمَا تَعْمَلُونَ} [الصافات: 96]وقوله تعالي:» {كُلُّ نَفْسٍ بِمَا
كَسَبَتْ رَهِينَةٌ} [المدثر:38
- Алла пенделерінің Өзіне иман келтіруін қаласа, оларға Өзінің бар екендігін білдіретін айқын дәлел неге көрсетпейді?
إذا أراد الله أن يجعل البشر مؤمنين به فلم لا يعطيهم شيئاً واضحاً يؤكد أنه موجود ولا يجعل أي خلاف على وجوده!
- Алғашқыда Адам (а.с.) жаннатта болды ма? Егер жаннатта болса, оған неліктен жауапкершілік жүктелді? Өйткені жұмақ жауапкершілік әрі сынақ мекені емес, қарымта сый берілетін мекен емес пе?!
آدم عليه السلام كان في الجنة أم لا ؟ إذا كان في الجنة ، فلما كُلف والجنة دار جزاء لا تكليف ؟
- Алланың сипаттары ежелден бар ма әлде кейін пайда болған ба? Бастауы жоқ, ежелден бар болса, Ол ештеңе жаратылмай тұрып, қалай Жаратушы (Халиқ) атанады? Күш-құдірет қолданатын еш нәрсе болмаған уақытта, қалайша барлығына құдіреті жетуші (Қадир) атанады. Мәлім нәрсе болмай тұрғанға дейін қалай барлығын білуші (Алим) атанады?
هل صفاته أزلية أم لا ؟ إذا كان نعم ، فكيف يكون قادرا قبل أن يوجد مقدور ، وخالقاً قبل أن يوجد مخلوق ، وعالماً قبل أن يوجد معلوم .
- Келесі екі аят Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) шапағатына қалай дәлел болады?
«إِنْ تُعَذِّبْهُمْ فَإِنَّهُمْ عِبَادُكَ وَإِنْ تَغْفِرْ لَهُمْ فَإِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ »
«فَمَنْ تَبِعَنِي فَإِنَّهُ مِنِّي وَمَنْ عَصَانِي فَإِنَّكَ غَفُورٌ رَحِيمٌ »
- Матуриди ақидасындағы «кәсб» теориясы жайлы не білесіз?
ماذا تعرف عن نظرية الكسب عند الماتريدية؟
Ислам құқығы:
- Ислам құқығындағы некенің үкімдері мен некедегі уәлидің шарттарын баяндаңыз.
بين أحكام النكاح مع شروط الولي في النكاح؟
- Исламдағы қылмыс пен жаза түсінігі мен түрлерін баяндап, кісі өлтірудің тыйым салынғандығына және қылмыскер анықталған кезде кек алудың міндетілігіне дәлел келтіріңіз.
عرف الجنايات، واذكر أقسامها الأربعة، واذكر دليلين على تحريم القتل، ودليلين على وجوب القَوَد إذا توفَّرت فيه شروط القاتل يُقتص منه؟.
- Кәпір адамды өлтіргені үшін мұсылманнан қысас алынады ма? Осы мәселеге қатысты ғалымдардың көзқарастарын келтіріп, дұрысырақ пікірді айтыңыз. Әрі оның дұрысырақ болу себебін баяндаңыз.
هل يقتل المسلم بالكافر؟ بين الخلاف في ذلك مع بيان القول الراجح، و سبب الترجيح
- Фиқһ ілімі мен Усул әл-фиқһ ілімінің айырмашылығы неде? Мутакаллим және ханафи усул мектебінің негізгі кітаптарын айтыңыз.
ما الفرق بين الفقه و أصول الفقه؟ اذكر أهمّ المصادر الأصولية لطريقة المتكلمين و الأحناف.
- Ханафи мәзһабының негізгі фиқһ кітаптарын айтыңыз.
اذكر الكتب الأساسية للفقه الحنفي
- Қажылық құлшылығының үкімі мен шарттарын және жеке тұлғалық, әлеуметтік пайдаларын баяндаңыз.
اذكر أحكام الحج و فوائده الشخصية و الاجتماعية
- Ислам құқығында адам өлтірудің қандай түрлері бар? Қайсысы каффаратты талап етеді? Әдейі кісі өлтіру дегеніміз не? Оның жазасы қандай?
ما هي أنواع القتل، و في أيها تجب الكفارة؟ وما هو القتل العمد، وما هي عقوبته؟
- Араб тіл заңдылақтарының мужтаһид ғалымдардың әртүрлі көзқарас білдіруіне әсерін баяндаңыз.
بين أثر اللغة العربية في اختلاف المجتهدين
- Фиқһ ғалымдарының әртүрлі көзқараста болуының себептерін атаңыз.
اذكر أسباب الاختلاف بين الفقهاء
- Ислам құқығындағы пәтуа түсінігі мен пәтуа берушіге қойылатын шарттар қандай? Пәтуа мен ижтиһадттың және пәтуа мен қазылық етудің айырмашылығы қандай?
ما مفهوم الإفتاء في اللغة والاصطلاح ؟ و اذكر شروط المفتي. وما الفرق بين الإفتاء والاجتهاد؟ وما الفرق بين الإفتاء والقضاء؟
- Әбу Ханифа мәзһабының негіздері қандай? Әбу Ханифа неліктен қияс тәсіліне айрықша көңіл бөлді? Қиясты хадистен қаншалықты жоғары қойды?
ما هي الأصول التي اعتمد عليها أبو حنيفة في بناء مذهبه ؟ولماذا توسع أبو حنيفة في العمل بالقياس ؟ وهل كان يرد الحديث بالقياس كما زعموا ؟
- Имам Әбу Ханифаның хадис іліміндегі орнын және ханафи мәзһабының хадистерді дәлел қылудағы ұстанымын баяндаңыз.
بيّن مكانة الإمام أبي حنيفة في الحديث و منهج المذهب الحنفي في نقد الحديث.
- Хадис және рай мектептері жайлы не білесіз? Екеуінің айырмашылығы неде?
ماذا تعرف عن مدرسة الحديث ومدرسة الرأي وما الفرق بينهما ؟
- Шектен шығушы және террорлық, экстремистік әрекеттердің шығу себептері қандай?
ما هي الأسباب المؤدية إلى العنف والإرهاب والتطرف.
- Зекеттің нисаб мөлшері қанша? Жылдың кейбір бөлігінде нисаб мөлшерінен азайған болса зекет беру міндетті бола ма? Сәбидің, ақыл есі толық емес адамның мал-мүлкінен зекет беріледі ме?
ما نصاب الزكاة، وإذا نقص النصاب في بعض الحول فما الحكم؟ هل تجب الزكاة في مال الصبي والمجنون؟ اذكر ما تستحضره من دليل أو تعليل، أو خلاف.
Құран ілімдері:
- «Құран ілімдерінің» анықтамасын және пән ретінде қалыптасып, даму тарихын баяндаңыз.
عرف علوم القرآن بالمعنى الإضافي و اذكر باختصار نشأة وتطور فن علوم القرآن.
- Меккелік және мәдиналық аят, сүрелерді анықтаудың жолдары мен ережелерін және оларды білудің пайдасын айтыңыз. Сүренің мәдиналық деп аталуы, сол сүре аяттарының барлығының Мәдинада түскендігін білдіреді ме? Жауаптарыңызға дәлел келтіріңіз.
علم المكي والمدني من أهم مباحث علوم القرآن، وضح المناهج والضوابط في معرفة المكي و المدني؟وهل يعني وصف السورة بأنها مدنية أن جميع آياتها نزلت بالمدينة؟ وضح إجابتك ؟ ومثل لما تقول؟ اذكر بعض فوائد معرفة المكي والمدني
- Құран Кәрімнің Жәбрейл періштеге түсуіне қатысты ғалымдардың көзқарастарын айтыңыз.
اذكر مذاهب العلماء في كيفية و حي الله بالقرآن الكريم إلى جبريل عليه السلام؟
- Құран Кәрімнің жинақталу тарихын баяндаңыз. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде Құранның кітап күйінде жинақталмау сыры не? Әбу Бәкір (р.а.) мен Осман (р.а.) мусхафтарының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын баяндаңыз.
اذكر كم عدد مراحل جمع القرآن, مع بيانها، ولماذا لم يجمع القرآن في مصحف على عهد النبي صلى الله عليه وسلم؟ مع ذكر بعض الفروق بين جمع أبي بكر الصديق – رضي الله عنه — وجمع عثمان بن عفان – رضي الله عنه — ؟
- «Тәуил» мен «тәпсір» ұғымдарының айырмашылығын баяндап, тәпсір түрлерін кемінде үш мәшһүр кітап негізінде мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
عرف معنى التأويل والتفسير ؟ وما الفرق بينهما ؟ وعدد أنواع التفسير مع التمثيل لكل نوع بثلاثة كتب
- Қырағаттардың қабылданатын және қабылданбайтын түрлерін көрсетіп, дұрыс/сенімді қырағат шарттарын баяндаңыз.
أذكر أنواع القراءات مبيناً المقبول منها وغبر المقبول و ما هي شروط وضوابط القراءة الصحيحة ؟
- Шариғи үкімдерді шығарудағы аят, сүрелердің түсу себебін білудің маңыздылығын баяндаңыз.
بين أهمّية معرفة أسباب النزول في استنباط الأحكام؟
- Ишари тәпсір дегеніміз не? Оның тәпсір кітаптарының арасындағы орны қандай? Осы бағыттағы тәпсір кітаптарын атаңыз.
ما المراد بالتفسير الإشاري؟ وما الموقف منه ؟ ثم اذكر كتباً نحى هذا المنحى في التفسير؟
- Құран аяттарының түсу себептеріне қатысты бірнеше риуаяттар келген жағдайда тәпсірші не істейді?
قد تتعد الروايات في سبب نزول آية واحدة، فما موقف المفسِّر حينئذٍ؟
- Рай тәпсірі дегеніміз не? Оның үкімі мен түрлерін баяндаңыз.
عرف التفسير بالرأي مع بيان حكمه وذكر أنواعه
Хадис ілімі:
- Хадистердің ретке келтірілуі мен жинақталу тарихы және осы бағыттағы хадистанушылардың методологиясы жайлы не білесіз?
تكلم عن تصنيف الأحاديث و مناهج المحدثين في التصنيف.
- Мутауатир хадис дегеніміз не? Оның шарттары мен үкімін баяндаңыз. Бұрынғы хадистанушылар еңбектерінде мутауатир хадистерге неліктен тоқталмаған? Танымал мутауатир хадис жинақтарын атаңыз.
عرّف الحديث المتواتر مع بيان شروطه ، وما حكم الحديث المتواتر؟ ولماذا لم يذكر المحدّثون المتقدّمون في كتبهم الحديث المتواتر؟ اذكر مظانّ الأحاديث المتواترة.
- Хадистанушылар мен Ханафи усул ғалымдарындағы мәшһүр хадисті түсіндіріңіз. Мәшһүр мен мустафид хадистердің айырмашылығы қандай? Мәшһүр хадис түрлері мен мәшһүр хадис жинақтарын атаңыз
ما هو الحديث المشهور عند المحدّثين و الأصوليين من الأحناف؟ ما الفرق بين المشهور و المستفيض؟ اذكر أقسام الحديث المشهور بالأمثلة و اذكر مظانّ الأحاديث المشهورة.
- Хасан хадис дегеніміз не? Имам әт-Тирмизи хасан хадиске қандай анықтама берген? «Хасан лизәтиһи» мен «хасан ли ғайри» хадистердің айырмашылығы қандай?
عرف الحديث الحسن؟ وما هو تعريفه عند الترمذي؟ وما الفرق بين الحديث الحسن لذاته والحديث الحسن لغيره؟
- Хадис ілімінің қалыптасу кезеңдері мен хадис терминологиясы саласында жазылған маңызды еңбектерді баяндаңыз.
تكلّم عن مراحل نشأة وتطور علم الحديث و اذكر أهمّ المصادر في علم مصطلح الحديث.
- Сахих хадис дегенім не? Сахих хадис шарттары мен өзара дәрежелерін және кейбір сахих хадис жинақтары мен түсіндірмелері туралы баяндаңыз.
ما هو الحديث الصحيح؟ و شروطه مع توضيح المراد منها. اذكر بعض كتب الصحاح و شروحها، وما هي مراتب الصحيح؟
- Әлсіз хадис дегеніміз не? Әлсіз хадис түрлері мен хадистегі әлсіздік себептерін түсіндіріңіз.
ما هو الحديث الضعيف؟وما هي أقسام الحديث المردود و موجب الردّ.
- Ханафи усул ғалымдарындағы ахад хадис түрлері мен шарттарын түсіндіріңіз.
اذكر تقسيم الخبر عند الأصوليين من الأحناف؟ و ما هي شروط خبر الآحاد و حجيته عند الأحناف
- Хадис ілімінің риуаят және дираят салаларының айырмашылығы неде?
ما الفرق بين علم الحديث رواية وعلم الحديث دراية ؟
- Ахад хадистің сенім және құқық мәселелерінде дәлел болуы туралы баяндаңыз.
تكلم عن حجية خبر الآحاد في العقائد والأحكام
Діндер тарихы:
- Діндер тарихын зерттеудің маңыздылығы мен пән ретінде қалыптасуы тарихын және осы саладағы мұсылман ғалымдарының үлесін баяндаңыз
تحدث عن نشأة علم مقارنة الأديان، وأَهميَّتهُ،وَتَقدُّمُ المسلمين في هذا المجال و أبرز الكتابات العربية في علم الأديان
59.Христиан дініндегі үштік сенімінің философиясын түсіндіріп, оны Будда мен Брахман діндеріндегі үштік сенімімен салыстырыңыз.
اشرح فلسفة عقيدة التثليث عند المسيحية و قارن بين التثليث عند المسيحية و التثليث في كل من البوذية و البرهمية و كيف ترد عليهم
- «Иудаизмдегі топтар мен бағыттар және олардың діни мерекелері мен рәсімдері жайлы не білесіз?
ماذا تعرف عن الفرق اليهودية و عن أعيادهم
61.Иудаизмдегі тәңір түсінгі мен пайғамбарлар сипаттарын баяндаңыз.
بين مفهوم الإله و صفات الأنبياء عند اليهود
- Қазіргі таңдағы христиандық шіркеулер мен бағыттарды баяндаңыз.
تكلم عن أبرز الفرق والكنائس المسيحيّة المعاصرة
- Иудаизм теологиясын баяндап, оны христиан дініндегі құдайлық сеніммен салыстырыңыз.
اشرح عقيدة الإلوهية عند اليهود و قارن بينهم و بين المسيحيين في ذلك
64.Христиан дініндегі жиындар (соборлар) және олардың христиандықтағы орны туралы не білесіз?
ماذا تعرف عن المجامع المسيحية و دورها في المسيحية
65.Иудаизм мен христиан діндерінің қасиетті кітаптарын баяндаңыз.
ما هي الأسفار المقدّسة لدى اليهود و النصارى
- Шығыс ортодокс шіркеуі дегеніміз не? Олардың сенім жүйесі қандай? Католиктер мен ортодокс бағыттарының айырмашылықтары неде?
ما هي الكنيسة الأرثوذكسية الشرقية، وما هي معتقدات المسيحيين الأرثوذكس؟
- Будда діні жайлы не білесіз? Олардың сенім жүйесі қандай?
ما هي البوذية وبماذا يؤمن البوذيون؟
- Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- Абдуллаһ ибн Махмуд ибн Мәудуд әл-Мұсаллил-Ханафи, Китабүл-Ихтияр ли-талимил-мұхтар, Дарул-мағрифа, Бейрут, 1998.
- Абдулхамид Махмуд Тахмаз, әл-Фиқһүл-Ханафи фи сәубиһил-жәдид, 1-басылым, әд-Даруш-Шамияти, Бейрут, 1998.
- Абдулхамид, Мұхаммед Мұхийддин, әл-Ахуалүш-Шахсия, 2-басылым, Матбағатус-Саадә, Мысыр 1377/1958
- Амиди, Әбул-Хасен ибн Әби Али ибн Мұхаммед, әл-Ахқам фи Ұсилил-Әкбар, Мысыр, Каир, 1968.
- әб-Сабүни, Мұхаммед Али, Рәуәиүл-Бәян Тәфсиру Әйәтил-Ахқам 2.басылым т.I-II, Мәктәбәтүл-Ғаззали, Димашқ 1397/1977.
- Жассас, Әбу Бекір Ахмед ибн Али Ахкамул-Құран, Каир.
- Жәзири, Абдуррахман әл-Фиқһү алел-Мәзәһибил-Әрбаа, том I-V — 6.басылым, Мысыр.
- Зафар Ахмад әл-Усмани әт-Тәһәнәуи, Иьлаус-Сунан,1-басылым, Дарул-фикр, Бейрут, 2001 ж
- Зәйлаи, Фахрүддин Осман ибн Али, Тәбйинүл-хақаиқ ала Кәнзи д-Дәқаик.
- Зәйлаи, Хафыз Абдуллах ибн Юсуф, Насбур-Рая Ли Әхадисил-Һидая, т. I-VI, әл-Мәктәбәтүл-Исламия 1393/1973.
- Ибн Абидин, Мұхаммед Әмин, Реддүл-Мұхтар, Матбағатул-Баби әл-Хәләби, Мысыр.
- Матуриди, Әбу Мансур, әл-Тәухид. Фетхуллах Хүлейф, бейрут 1970.
- Уаһбату әз-Зуһайли, әл-Фиқһул Исләмии уә әдилләтуһу, Стамбул, 1994, 1-т., 102-б.
- Яблоков И.Н. Основы религиоведения. М.: Выс. Шк., 2004. – 511 с.
- Лобазова О.Ф. Религиоведение. М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2006.-488 с.
- Пивоваров А.В. Философия религии М.: Академический проект, 2006.- 640 с.
- А. Н. Красников Методологические проблемы религиоведения Издательство: Академический Проект, 2007.
[:]