2022 жылдың 27 желтоқсанында көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұр-Мүбарак университетіне қарасты Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі құрметті ұстаз Керім Шамшәдин Тұрсынұлының 60 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың діни тұлғалары және рухани бірегейлік мәселесі» атты тақырыпта халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция онлайн және офлайн форматта өтеді.
Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті универсиетінің әл-Фараби залы.
Конференция барысында төмендегідей секциялар жұмыс істейді:
Баршаларыңызды халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция жұмысына белсене қатысуға шақырамыз. Қатысушылардың баяндамаларының толық мәтіні 2022 жылдың 20-шы желтоқсанына дейін қабылданатындығын хабарлаймыз.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, араб, орыс, ағылшын тілдері.
Мақалаларды рәсімдеу кезінде төмендегі талаптарды ұстану қажет: электрондық нұсқада басылған мәтіннің көлемі 10-12 бетке дейін. Қарпі – Times New Roman, кеглі – 14; жоларалық интервалы – 1; енінен туралау; абзацтық шегінісі – 1 см; парақ бағдары – кітаби, жоғарғы және төменгі өріс – 2,0, сол – 3,0 және оң өрісі – 1.
Тақырыпты рәсімдеу (бас әріппен, қалың қаріппен, ортасы бойынша туралау) МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ (қазақ, араб, орыс, ағылшын, тілдерінде); келесі жолда (қарпі – қалың курсив, оң жаққа туралау) – толық А.Ж.Ә.; келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі, қызмет орны, қаласы; келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – байланыс E-mail-ы; бір жолдан кейін – мақаланың мәтіні. Әдебиет тізіміндегі сәйкес дереккөзге мәтіндегі сілтемелерді шаршы жақшаға алынған араб цифрларымен рәсімдеген жөн, мәселен, [1, 277-бет]. Әр беттік автоматты сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді.
Баяндама соңында түйін жасалады: баяндама орыс тілінде жазылған жағдайда – қазақ және ағылшын тілдерінде; баяндама қазақ тілінде жазылған жағдайда – орыс және ағылшын тілдерінде.
Қолжазбаға тегі, аты-жөні, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен қызметі, қаласы, елі, сондай-ақ, электрондық мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетілген авторлар туралы мәліметтер қоса тіркеледі.
Ұйымдастыру ұжымы бекітілген тақырыпқа және рәсімдеуге қойылған талаптарға сай емес баяндамаларды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.
Мақаланы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті универсиетінің Ғылым және инновация департаменті қабылдайды.
Жауапты:
Ғылым секторының меңгерушісі Салтанат Бейсенбайқызы
тел. (уатсап нөм.): +7 775 163 35 96
e-mail: nauka@nmu.edu.kz