Жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру жүйесінде пайдалануды қолға алған Нұр-Мүбарак университетінің жаңа проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар «QAZAQSOFT» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Бүгін Қазақстан нарығында 6 жыл қызмет етіп келе жатқан «QAZAQSOFT» компаниясының діни тақырыпқа қатысты нәзік сауалдары да бар болып шықты. Сондықтан түрлі веб-қосымшалар, мобильді қосымшалар, боттар мен өзге де инновациялық шешімдер әзірлеуге маманданған кәсіби компания өкілдері IT маманы Ерболат пен Нұрболат Мамендермен проректор Ершат Ағыбайұлы жіті танысып, пікір алмасты.
Отандық 15-тен астам мекемемен ынтымақтастық орнатып, осы уақытқа дейін 20 жемісті жоба ұсынған компания өкілдері әр жобаға ерекше көзқараспен келетінін жеткізді. Соған сай әр жобаға тән негізгі жұмыс кезеңдері қалыптасқан:
Осы кезеңдердің алғашқы сатысына кісіркен Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы жасанды инттелект мүмкіндіктерін қолдануға қатысты жобалары тек оқу ордасымен шектелмейтінін де жасырмады. Бастысы, діни мәселелер мен сауалдарда нақты дереккөздермен жұмыс істеудің тиімді жолдарын дұрыс оңтайландыру өзекті екенін атап өтті.