Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қызметін атқарған, бұрынғы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Нұр-Мүбарак университетінің проректоры PhD доктор Ершат Оңғарды алғашқылардың бірі болып құттықтады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қызметін атқарған, бұрынғы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Нұр-Мүбарак университетінің проректоры PhD доктор Ершат Оңғарды алғашқылардың бірі болып құттықтады. «Нұр-Мүбарак университеті діни салада Қазақстан ғана емес, Орта Азиядағы ең алдыңғы университет»,-деп бастады сөзін бұрынғы Бас мүфти. Ершат Ағыбайұлы, сіз бұл университетке нағыз уақытында келдіңіз. Бұл дер кезінде дұрыс қабылданған шешім деп бағалаймын. Себебі сіз шетелдік және отандық университеттерде білім алдыңыз әрі қызмет еттіңіз. ҚМДБ-да, Ғұламалар кеңесінде де, сыртқы елдермен байланыс саласын да меңгердіңіз. Әрине, жауапкершілік үлкен, бірақ соған лайық болған соң келіп отырсыз. Бұл университеттің болашағы зор деп санаймын. Сізге әрдайым сәттілік тілеп, университетті дамыта түсуге атсалысады деп сенемін, — деп Ержан қажы Малғажыұлы.
Проректор Ершат Ағыбайұлы Ержан қажы Малғажыұлының қолдап келуіне ризалық танытты. Университетте осы кезге дейін де жақсы жұмыстар атқарылғанын атап өтіп, даму жолында жаңа мүмкіндіктер мен бастамалар қарастырылатынын алға тартты. Қадірлі қонаққа құрмет көрсетіп, өзінің 10 жылдық еңбегінің жемісі болған қасиетті Құран кітабының тәпсірін тарту етіп, алғысын білдірді.