Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Цифрлы қоғам жағдайындағы діни қайырымдылықтар: теориясы мен практикасы» халықаралық семинар өтуде.
Университет проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев қазіргі жаһандану кезеңінде ислам әлемінің жаңа технологияларды игеруін айтпағанда, оларды жасау жолындағы жасампаздығы аса маңызды екенін алға тартуда.
Қайырымдылық – әрбір қоғам үшін қай кезде де маңызды. Оның исламдағы орнынан бөлек, әрбір мұсылманның бойында табылуы тиіс асыл қасиеттер. Ал қайырымдылықтың мұқтаждар мен жоқ-жітіктерді қамқорлыққа бөлеуінен бөлек, ізгілікті арттыру жолындағы құзіретін арттырудың өзектілігі ұмыт қалатыны рас. Сондықтан ислам дінінде белгілі заңдылықтар мен шариғи қағидаларға негізделген қайырымдылық шаралары жайлы бүгін кеңінен талқыланды.
НМУ ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат құттықтау сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар спикерлері Малайзия, Түркия, Ресей ғалымдары:
1. Хабибулла Закария, PhD IIUM Ислам банкингі мен қаржысы институты декан орынбасары (IІiBF), Малайзия;
2. Ильдус Рафиков, PhD Мақасид институты атқарушы директорының орынбасары (Түркия, Ресей);
3. Абдулазиз бин Мат Иса, PhD Universiti Tenaga Nasional проректоры (UNITEN), Ислам орталығының директоры (Малайзия);
4. Ардақ Оразбаев, ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы;
5. Мақсатбек Қайырғалиев, ҚMДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры.
Семинарға НМУ оқытушы-проофессорлық құрам өкілдері, осы тақырыпты зерделеуші ғылым ізденушілер, отандық қайырымдылық қорлардың өкілдері қатысуда. НМУ Ғылым және инновация департаментінің директоры, PhD доктор Ықтияр Палтөре семинар жқмысы кешке дейін жалғасатынын жеткізді.