РЕКТОР, ПРОФЕССОР МҰХАММАД АШ-ШАХХАТ: ТҮРКІ ДАЛАСЫННАН ШЫҚҚАН ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОРНЫ БӨЛЕК

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті. Қуанышты жаңалыққа ғалымдар, жазушылар, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Алғы сөз сөйлеген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біздің көздеген мұратымыз – қазірге дейін сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқандығын дәлелдеу. Себебі соңғы кездері қазақты түрлі деңгейде исламнан алыстатуға тырысушы пікірлер пайда болды. Кейбірі теріс пиғылмен әдейі әрекет етсе, енді бірі білместікпен ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі дінімізге теріс пікір айтуда,- деп кітаптың ұлт болып ұйысуда құнды білім екенін алға тартты.

Танытымда сөз сөйлеген Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғысын білдіре отырып, қазақ қоғамына ғана емес, өскелең ұрпақ, ислам әлемі үшін құнды еңбектің жарыққа шығуына ұйытқы болуына ризалығын білдірді. Илам территориясы, ислам өркениеті Орта Азия, түркі даласында ерекше дамығанына осы кітаптың өзі дәлел екенін айтты. «Орта Азиядан, қазақ даласынан шыққан ғалымдардың адамзат тарихына дүмпу жасап, ғылымға қосқан үлесі өлшеусіз. Әл-Фараби, әл-Бируни, әл-Хорезми, Иб Сина, өзге де көптеген ғалымдар адамзат дамуына үлесті. Ал жаңа кітапта дін мен дәстүр жақсы қамтылған, баланың дүниеге келуінен бастап, бүкіл ғұмырындағы дәстүрлер, иман, ислам шарттары секілді құнды білім қазіргі өскелең қауымға ауадай қажет»,-деді ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат әл-Жинди. Сондай-ақ тұсаукесер барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Халқымыз қастер тұтқан, жаугершілік заманда батырларды Отанды қорғауға үндеген, жиын-тойларда жұртты ізгілікке шақырған төл аспабымыз – домбыраны «харам» деп жүрген жастарды осы кітапты оқуға шақырамын. Сәлем салуды Аллаға серік қосу деп санайтындарға да осы кітапта жауап жазылған.

Сәлем салу – Аллаға серік қосу емес, үлкен құрметтің белгісі. Сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан тәрбиелік мәні зор ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығару үлкен қателік деп атар едім. Міне, осындай жаңсақ пікірлерге «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы толыққанды жауап береді деген ойдамыз», – деді. Іс-шарада Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, академик, алаштанушы Мәмбет Қойгелді сынды ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақтауда жаңа кітаптың рөлін айрықша атап өтті.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name
“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name
“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.