Why Choose Us
benefit 1
A short description of the benefit.
benefit 2
A short description of the benefit.
benefit 3
A short description of the benefit.
benefit 4
A short description of the benefit.
Бүгін руханияттың алтын қазына қорын сақтаушы – кітапханашылар күні. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы қаулысымен бекітілген бұл мереке екі жылдан бері аталып келеді. Осыған орай Нұр-Мүбарак университетінің кітапханашылар ұжымына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау жолдады.
«Баршаңызды бүгінгі кәсіби кітапханашылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Кітап – асыл да, ұлы құндылық. Отандық ғылымды өркендетіп, өрісін кеңейтуде жоғары оқу орындарында да қызмет атқаратын кітапханашыларымыздың рөлі айрықша.
Заман талабы – білім мен ғылымға, еңбек пен кәсіпке негізделген. Осы реттегі сіздер салған сара жол баршаға үлгі болуы тиіс деп ойлаймын. Джозеф Конрад: «Автор кітаптың жартысын жазады, қалған бөлігін оқырман жазады»,-деген ойлы сөзін ұстын еткен кітапханашылар қауымының орны қашанда төрде. Оқырман жүрегіне сәуле шашу жолындағы тынымсыз еңбектеріңізге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және өзімнің атымнан толымды табыс, сарқылмас сәттілік тілеймін. Мерейлі мереке құтты болғай, әріптестер!»-деп құттықтаған министр Саясат Нұрбек.
Нұр-Мүбарак университетінде кітапхана қоры 40 мың еңбектен асады. Кітапхана меңгерушісі Алтынгүл Тоқанның айтуынша ислам ғылымына қатысты қазақ, араб ағылшын, орыс, түрік, т.б. тілдердегі еңбектер ғана емес, қазақ, әлем әдебиеттеріне қатысты сан-салалы туындылар бар. Студенттердің оқып, ізденуіне қолайлы оқу залдары тек университет ғимаратында ғана емес, жатақханаларда да бар.
This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
Рухани өмірдің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан — ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы. Бүгінде елімізде 11 мыңға жуық кітапхана бар екен. Ал жалпы кітап қоры 328 миллион дана. Оларда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Елімізде кітапхана қызметін пайдаланушылар саны 9,5 миллионға жеткен. Соңғы 5 жылда мемлекеттік тапсырыспен 4,5 миллион кітап шыққан.