Why Choose Us
benefit 1
A short description of the benefit.
benefit 2
A short description of the benefit.
benefit 3
A short description of the benefit.
benefit 4
A short description of the benefit.
Елордада Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев бастаған оқытушы-профессорлар Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХХІХ мәжілісіне қатысуда.
Елордада Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев бастаған оқытушы-профессорлар Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХХІХ мәжілісіне қатысуда. Атап айтсақ, оқытушы-профессорлар PhD доктор Қайрат Құрманбаев, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшәдин Керім, PhD доктор, қ.профессор Алау Әділбаев, PhD доктор Мұхитдин Исаұлы, Ғылым және инновация департаментінің директоры, PhD доктор Ықтияр Палтөре, PhD доктор Мұхан Исахан, филол.ғ.к. Рашид Мұхитдинов бар.
This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өтіп жатқан жиында елімізде дін төңірегінде кездесетін келелі мәселелер мен түйткілді сауалдарға ортақ шешім шығарып, пәтуә беріліп отырады. www.muftyat.kz хабарлағандай, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде бірнеше қоғамға пайдалы, өзекті пәтуалар жарияланды. Тиісті концептуалды құжаттар қабылданды. Осы орайда еңбек етіп, атсалысқан баршаңызға тағы да Алла разы болсын деп, шынайы алғысымды білдіремін. Мұның барлығы сіздер мен біздердің белсенді жұмыстарымыздың арқасында іске асып келеді» деді.
Екі күндік мәжіліс барысында «лудомания, гемблинг пен игроманияның үкімі», «интернет дүкен арқылы сауда жасау үкімі», «ақшаның құнсыздануына қатысты қарызды қайтару үкімі», «мешітте екінші жамағат болып намаз оқудың үкімі», «электронды құралдар арқылы валюта айырбастаудың» пәтуасы қаралып, «Қарилар орталығын ашу мен басқару ережесі», «Дәстүрлі ислам тұғырнамасы» құжаттарының жобасы талқыланады. Сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалар жинағы – «Пәтуа кітабының» төртінші томы таныстырылады.