Нұр-Мүбарак университетінде қазір Жамбыл облысынан 127 студент білім алуда. Оның 27-і биыл дін қызметіне кірісуге даяр.
Нұр-Мүбарак университетінде қазір Жамбыл облысынан 127 студент білім алуда. Оның 27-і биыл дін қызметіне кірісуге даяр.
Бүгін университетке арнайы ат басын тіреген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы бастаған делегацияны проректор PhD доктор Қайрат Құрманбаев арнайы қабылдады. Әуелі университеттің тыныс-тіршілігі мен жетістіктеріне тоқтаған ғалым проректор еліміздегі діни мамандардың қажеттілігіне тоқталды. Ал Еркін Құлымбайұлы облыстағы дін саласына қатысты атқарылып жатқан іс-шаралармен бөлісті.
Арнайы қабылдаудан соң өңірлік студенттермен жүздесу барысында Еркін Құлымбайұлы Жамбыл облысы дін саласына жауапты саланы дербес мекеме ретінде сақтап қалған бірігей облыс екенін атап өтті. Сондай-ақ Жамбыл облысы дін істері басқармасының басшысы Мыңбаев Сәкен дін саласында қызмет етудің артықшылықтарын да баса айтып, жастарды қызықтыра түсті деуге болады. Сөз беру барысында проректор Қ.Құрманбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Мырзагелдиев Бейбіттің Нұр-Мүбарак университетінде докторлық диссертация қорғап шыққан бірінші имам екеніне ерекше тоқталды. Осы сөзді жалғастырып кеткен бас имам жастарға өз тәжірибесімен қатар, діни қызмет ғылыммен айналысуға кедергі емес екенін байқатты.
Маңызды да қызықты өткен кездесу соңында студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Қадірлі қонақтар қазақ еліндегі ислам дінінің туын көтерген Тараз өңірінің ғана емес, бүкіл халық мақтанышы Шерхан Мұртазаның бес томдық еңбегін университеке сыйға тартты. Проректор Қайрат Құрманбаев та ғылым ордасының қазынасынан сыйкаделер ұсынды.
Кездесу соңы естелік суретке түсумен жалғасты.
This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.